Құрметті түлек,
«SDU University» мекемесінің түлегі атануыңыз құтты болсын! 🥳
Бүгінгі күн - ертеңгі болашақ. Болашағыңыздың жарқын екеніне сеніміміз мол! 💯
Осы уақыт аралығында оқу ордамызға сіңірген еңбегіңіз, оқудағы талпынысыңыз бен қосқан үлесіңіз үшін рахмет!
Университетті бітіруіңізге байланысты ОНЛАЙН КЕТУ ҚАҒАЗЫН тексеріп шығуыңызды сұраймыз. Торда "Yes" деген жазу бар болса, сіздің қарызыңыз бар екенін білдіреді. Сондықтан қарызыңыз бар бөлімге барып, қарызыңызды жабу қажет.
Бөлімдер:
· Есеп бөлімі ([email protected])
· Жатақхана (Block А)
· Кітапхана (B 110)
· Факультет (Құқық - D 213, Педагогика - E 213, Инженерия - F 213, Бизнес школа - G213)
· Карьер бөлімі (E 216)
· Repository (тек магистратура білімгерлеріне қатысты)
❗️Ескерту: Егер сіз қарызыңызды жаппасаңыз, құжаттарыңызды ала алмайсыз. Қарызыңыз бар болған жағдайда, бірінші қарызыңызды жауып, кейін жазылған уақытыңыз бойынша келуіңізді сұраймыз.
Дипломыңызды Білімгерлерге қызмет көрсету орталығынан алардан бұрын, сізге:
Міндетті түрде кезекке 1 Үстел https://calendly.com/ssc-1/2-issuance-of-a-diploma2-2025 немесе 2 Үстел https://calendly.com/stud-info/issuance-of-a-dilpoma-2025 сілтемесі арқылы тіркелуіңіз керек. Бір сілтеме арқылы тіркелсеңіз жеткілікті. Осы кезек бойынша тіркелген уақыт аралығында құжатыңыз беріледі. Уақытыңыздан кешікпей келуіңізді сұраймыз.
Дипломның түпнұсқасын алудың үш жолы бар:
1. Диплом және құжаттарды 21 шілдеден бастап D109-дан өзіңіз алып кетсеңіз болады. Міндетті түрде жеке төлқұжатыңыз/паспорт болуы қажет.
2. Дипломды курьерлік компания (Pony express, DHL, т.б.) арқылы өзіңіз тапсырыс беріп, ақысын төлеп алсаңыз болады. Курьер тапсыру-қабылдау актісін (накладной лист) қағазға шығарып келуін сұраймыз.
3. Дипломды және құжаттарды 3-ші жақ алып кетсе болады. Міндетті түрде жеке төлқұжаты/паспорт және нотариалды сенімхат болуы қажет. Нотариалды сенімхатты қағазға шығарып келуіңізді сұраймыз.
❗️Маңызды:
1. Порталда артық қаражатыңыз болса, ақша қайтару үшін google форманы толтыра аласыз https://forms.gle/WF3iQkiti8KHMhZU7 . Google формадағы оқудан шығу бұйрығына my.sdu.edu.kz порталынан "Бітіру туралы" деген бұйрықты тіркей аласыздар.
2. Сауалнама білімгерлердің my.sdu.edu.kz порталында орналасқан. Білімгер порталға кіріп, Survey бөліміне өтіп, сауалнамаға қатысулары қажет.
3. Сіздің оқуыңыз аяқталғандықтан, SDU поштаңыз 1 айдан соң бұғатталады. Сол себепті өзіңізге қажет ақпаратты осы уақыт аралығында жүктеп алғаныңыз жөн.
«SDU University» мекемесінің түлегі - еліміздің және әлемнің дамуына үлес қосатын дарынды, қабілетті және білімді азамат. Университет қабырғасынан жырақтағаннан кейін де алған біліміңіз бен бойыңызға сіңірген қабілеттеріңіз өмірге азық болып, үлкен жетістіктерге жетелеуіне тілектеспіз! 🏆
Құрметпен, SDU University
_____________________________________________________________________________________
Dear Alumnus,
Congratulations on becoming an alumnus of “SDU University”! 🥳
Today's action is tomorrow's future. We are confident that your future will be bright! 💯
Thank you for your hard work, deligence, and contribution to the development of our university over the years!
As you complete your studies, please review THE ONLINE BYPASS SHEET. Follow the link and check the column. “Yes” — this indicates that you have outstanding obligations. If so, please visit the corresponding department and settle your obligations.
Departments with outstanding obligations:
· Accounting Office ([email protected])
· Dormitory (Block А)
· Library (B 110)
· Faculty (Law - D 213, Pedagogy - E 213, Engineering - F 213, Business school - G213)
· Career department (E 216)
· Repository (for master’s students only)
❗️Important:
If you have outstanding obligations, you will not be able to take your documents. Please settle any debts first, and then come at your scheduled time.