Қыздар қауымы, болашақ жар таңдауда барынша қырағы болу қажет!
Себебі қазір сырттай сырбаз көрінгенімен, іштей әлі есеймеген, әкесінің шапанының астынан шықпай, анасының етегіне жабысып жүрген "түрі ересек балалар" баршылық.
Сыртқы келбеті,айтатын құрғақ уәделері,қымбат сыйлықтары,апта сайынғы 2-3 сағаттық кездесулер жігіттің болмысын толық көрсетпейді.
Өмірдің ыстық-суығын өз мойнымен көтере алатын,отбасы мәселесіне үшінші тарапты мүлдем араластырмайтын нағыз ер азаматты тани білу — әр арудың өз тағдырына деген үлкен жауапкершілігі...🤍