Алматы облысында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр… — ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 — TG.ME

🫡✅ Алматы облысында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Талғар және Қарасай аудандарынан шақырылған запастағы 60 әскери қызметші Қонаев гарнизонының 10228 әскери бөліміне оқу-жаттығу жиынына келді.
Жиын барысында әскери міндеттілерге білімін шыңдауға, әскери-кәсіби дағдыларын жетілдіруге және олардың бөлімше құрамында тапсырмалар орындау әзірлігін арттыруға бағытталған сабақтар өткізіледі.
Әскери бөлімде резервтегілердің оқуына және тұруына қажетті жағдай жасалған. Олар үш мезгіл тамақпен, киім-кешекпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

🫡
✅ В Алматинской области проходят сборы военнообязанных

В войсковую часть 10228 Конаевского гарнизона на учебные сборы прибыли 60 военнослужащих запаса из Талгарского и Карасайского районов. Занятия направлены на актуализацию знаний, совершенствование военно-профессиональных навыков и повышение готовности военнообязанных к выполнению задач в составе подразделения. В части созданы необходимые условия для обучения и проживания резервистов. Они обеспечены трехразовым питанием, вещевым имуществом и медицинской помощью.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
👍8❤1
September 4, 2026 1.1K 5