Ақпараттық хабарлама Ағымдағы жылдың 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу… — ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 — TG.ME

⚠️ Ақпараттық хабарлама

Ағымдағы жылдың 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 7–30 қыркүйек аралығында Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ Жетісу облысының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.
Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
«Шеп» оқу-жаттығуы тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.

Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуды сұраймыз.

❗️Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

⚠️ Информационное сообщение

В период с 12 по 19 сентября текущего года на полигоне «Коктал» в области Жетісу запланировано проведение совместного учения ОДКБ «Рубеж-2026».

В рамках подготовки и проведения учения с 7 по 30 сентября на территории Алматинской и Жамбылской областей, а также области Жетісу осуществляется плановое передвижение военной техники и личного состава.

В ходе учения проводятся полевые занятия, в рамках которых отрабатываются вопросы перегруппировки войск, управления подразделениями и выполнения поставленных задач.
Мероприятия проводятся в соответствии с утверждёнными планами боевой подготовки государств – членов ОДКБ.
Учение «Рубеж» проводится на регулярной основе и поочерёдно на территориях государств – членов Организации.

Просим граждан, представителей средств массовой информации и пользователей социальных сетей не распространять непроверенную информацию и руководствоваться сведениями, размещёнными в официальных источниках.

❗️ Напоминаем, что распространение заведомо ложной информации, а также публикация недостоверных сведений влекут за собой ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
❤5💯3👍1
September 5, 2026 782 4