Модернизация.Кз: post #387 — TG.ME

🇰🇿 Ақмола облысында тозу деңгейі 70 пайызға жеткен жылу желілері қайта жаңғыртылады

⚙️Өзекті мәселе: Степногорск қаласы мен Заводской кентін жылумен қамтып отырған жалғыз магистраль 1973 жылдан бері қолданыста, тозу деңгейі 77,4%-ға жеткен.

🏗️Жобаның ауқымы мен мерзімі:

ЖЭО-дан қалаға дейінгі 9,5 шқ жылу желісі жаңартылады.

Жұмыстар 2 кезеңде (2026-2027 жж.) жүргізіледі. Бірінші кезеңнің 70%-дан астамы аяқталған.

🏦Қаржыландыру: Жалпы бюджеті – 6 035 млн теңге (2026 жылғы 1-кезеңге 3 017,5 млн теңге бөлінді).

📈Нәтижесі қандай болмақ: Тозу деңгейі 70,3%-дан 68,22%-ға (2,08%-ға) төмендеп, нысан «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтеді.

🏠Әлеуметтік әсері: Степногорск пен Заводской кентінің 20 431 абоненті (288 көппәтерлі үй, 14 жеке үй, 154 нысан) сапалы, тұрақты жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Толығырақ біздің сайтта

#МодернизацияКз
September 7, 2026 79