Тараздағы Қойгелді көшесі мен ТК-128 жылу камерасы аумағындағы орамішілік жылу желісін жаңарту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.
1990 жылы тартылған (35 жыл пайдаланылған) 700 метрден астам құбырдың тозу деңгейі 85%-ға жетіп, соңғы 3 жылда 10 апаттық ақау тіркелген.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 856,9 млн теңге бөлініп, жұмыстар тек отандық материалдармен және жергілікті мамандардың күшімен жүргізілуде.
Жөндеуден кейін 6 көпқабатты үйдегі 410 абонент пен спорт мектебі үздіксіз жылумен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде жылу шығыны мен апаттар азайып, жүйенің болашақтағы қуат тапшылығы жойылады.
Толығырақ біздің сайтта
#МодернизацияКз
