🏗️ Солтүстік Қазақстан облысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы — ЭКСЖ аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
🤝 Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) жобаның қаржылық операторы ретінде субсидиялау және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тетіктері арқылы өңірлерге қолдау көрсетуде.
📍 Петропавл қаласында ҚТК жылумен және сумен жабдықтау саласындағы 13 жобаны қаржыландырды. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 30,8 млрд теңгені құрайды, оның 14,2 млрд теңгесі ҚТК тарапынан қаржыландырылды.
🔧 Негізгі бағыттардың бірі — тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту. Жобалар аясында 15 шақырымнан астам су құбыры желілері жаңғыртылды. Сонымен қатар 7,6 шақырымнан астам жылу желісін реконструкциялау жоспарлануда. Бұл жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, желілердің тозу деңгейін 82–87%-дан 50–66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Forwarded fromҚТК / КЖК / KHC
August 18, 2026 182