Қанат Бозымбаев өңірлерге ЭКСЖ жобаларын тездетуді және ресурстарды… — Модернизация.Кз — TG.ME

Қанат Бозымбаев өңірлерге ЭКСЖ жобаларын тездетуді және ресурстарды цифрлық есепке алу форматына көшуді тапсырды

🌫 Инвестиция: 2026 жылы ТҮКШ саласына 1,3 трлн тг тартылды, оның 791 млрд теңгесі ЭКСЖ Ұлттық жобасына бөлінген.

🌫 Іске асыру: Қазір 328 жоба орындалуда, 257 жоба бойынша конкурс жүріп жатыр, 228 мердігер белгіленді.

Өңірлерге тапсырмалар:

🕔Мерзімді тездету: Жөндеу маусымы қысқа болғандықтан, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Шымкентте баяу жүріп жатқан конкурстарды тездету талап етілді.

1 қыркүйекке дейін: Өңірлер жөндеуді бастап, 2027 жылға өтінім беріп үлгеруі тиіс.

🧮 Тариф саясаты: Тарифтерді негізсіз өсірмеу, тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу (нормадан асса, жоғары тариф) тапсырылды.

Цифрландыру және есептегіштер:

Міндетті есептегіштер: Жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу үшін тұтынушыларды толық есептегішпен қамту қажет.

Отандық үлес: Есептеу аспаптарындағы қазақстандық өнім үлесі кемінде 70% болуы тиіс.

Ортақ талап: 1 қыркүйекке дейін ресурстарды есепке алудың бірыңғай талаптары әзірленеді. Есептегіштер табиғи монополия субъектілерінің балансына беріледі.

Толығырақ біздің сайтта

#МодернизацияКз
❤1
August 12, 2026 131