BAYAN SULU — бұл кондитерлік өнімдерді өндіретін ең ірі қазақстандық кәсіпорын.
Аталған фабрика 1974 жылдың желтоқсанында құрылып, 50 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерін дәмді өнімдерімен қуантып келеді.
BAYAN SULU өнімдер қатарында шоколад пен карамельден бастап піспенанға дейін, вафлялар, кәмпиттер, дражеден бастап ириске, мармеладқа және зефирге дейін 300-ден астам өнім атаулары бар.
Кәсіпорын ISO 9001, ISO 22000, сондай-ақ ISO 50001 энергия менеджменті сияқты халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді және заманауи жабдықты пайдаланады. Фабрика «Халал» сертификатына аттестаттаудан өтті, шығарылатын өнімдердің жартысына жуығы осы стандартқа сәйкес келеді.
BAYAN SULU Қазақстанның ішкі нарығында да, кондитерлік өнімдер экспортында да көшбасшылық жайғасымды орнықты ұстап отыр.
Экспорт үлесі 40 %-ды құрайды.
Экспорт географиясының ауқымы кең: ТМД елдері, Шығыс Еуропа, Қытай, Моңғолия, Корея және т.б.
https://bayansulu.kz/
32
3
1January 16, 2026 1.1K 2






