«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Атыраудағы «Builtex» компаниясының өндірістік алаңына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Компания мұнай-газ және мұнай өңдеу салаларына арналған күрделі жабдықтар, соның ішінде жылу алмастырғыштар мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар шығарады. 40 мың шаршы метр аумақты алып жатқан өндіріс орны жылына 25-ке дейін жаңа жылу алмастырғыш пен қысым ыдысын шығара алады. Өндірістің салмағы 170 тоннаға дейін, диаметрі 3,5 метрге дейін, ұзындығы 70 метрден асатын жабдықтар жасауға мүмкіндігі бар.
Мұндай өндірістер Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларындағы отандық қамтуды арттырып, күрделі өнеркәсіптік жабдықтарды ел ішінде шығаруға мүмкіндік береді.
8
2September 4, 2026 186 1







