🏠 Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы және Alatau City Bank «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы келісім жасасты. 🤝
📄 Құжат Қазақстанның өңірлерінде азаматтарға тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарыздарын беру кезінде тараптардың өзара іс-қимылын көздейді. Келісім аясында Alatau City Bank тұрғын үй қарыздарын рәсімдеуге және беруге байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетіп, ҚТК мүддесін білдіреді. Сондай-ақ банк қарыз алушылардың құжаттарын қабылдап, тексеріп, кредиттік өтінімдерді қалыптастырады және оларды қарау үшін ҚТК-ға жолдайды.
🔍 Құрылыс объектілерінің сипаттамасымен ҚТК-нің Тұрғын үй порталынан мына мекенжай бойынша танысуға болады:
🔗 orda.homeportal.kz
August 19, 2026 37


