2026 жылғы 5 қыркүйекте «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, JM City… — ҚТК / КЖК / KHC — TG.ME

🏗️ 2026 жылғы 5 қыркүйекте «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, JM City тұрғын үй кешенінің үлескерлері және «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС өкілдерінің кезекті кездесуі өтті.

Кездесуде құрылыстың қазіргі барысы талқыланды. Б, Б1 және Б2 блоктарында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Б3, В, В1 және Г блоктарында инженерлік желілерді жүргізу, қасбетті орнату, ішкі әрлеу, техникалық есіктерді монтаждау және әйнектеу жұмыстары жалғасуда.

🌳 Аумақта тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары салынып, резеңке жабын төселуде және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағын сәулет нысандары әзірленіп жатыр.

🚘 Паркингте тозуға төзімді топпинг еден жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда.
September 5, 2026 28