Негізі, дінсіздер арасында мен ең достойны деп қабылдайтын топ бұл - агностизм. Ал басқалары кілең өздері дәлелдей алмайтын сенімді қолдап жүргендер.
Ең достойный дедім, себебі идеалды агностиктер өздерінің білмейтінін мойындайды, зерттеп үйренсем, құдайды тапсам мойындаймын, таппасам жоқ деп айтамын деген ашық ұстанымда болады. Олар жаратушы бар немесе жоқ демейді, тіпті, жаратушы бар немесе жоқ екенін біле аламыз немесе біле алмаймыз деп те айтпайды. Қысқасы, жаратушы туралы ешқандай үкім бере алмаймын дейді.
Ал, қазіргі уақытта өздерін агностик ретінде танытып көзге көп түсіп жүргендердің сенімі басқа. Олар "Жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз, себебі адам миы оған жете алмайды" дейді. Бірақ олар осы сенімді құрамыз деп жоғарыдағы негізгі ережені айтқан кезінен ақ құрдымға кетеді. Неге 🤔
Себебі "жаратушы бар/жоқ" деген сияқты "жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз " деп айту да жаратушы туралы бір мәлімет. Яғни өздері қойған ереже өз ережелеріне қарсы) Бұны бір сөйлемге жинасақ мынадай күлкілі ой шығады: Мен "жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз" деген жаратушы туралы мәліметті білемін😁
Немесе бірден:
- Неге ешқандай мәлімет біле алмаймыз ? деген сұрақ қоямыз. Олар:
- Себебі жаратушы біздің ақылымыздан жоғары -дейді. Бұл жерде байқасаңыз "жаратушыға" "адам ақылынан жоғары, адам ақылы жетпейтін ұлы" деген сипаттама беріп тұр. Сонда "Біз жаратушы туралы ештеңе біле алмаймыз" дегені қайда ? Уже "ҰЛЫ" деген сипат бекітіп тастадық қой))
#ақида