Сүйгеніңді ал… Жігіттер, «бұйырғаны» деп емес, жүрек таңдаған адамды таңдаңдар. Тағдырға сілтеп, «болмады» деп қолды бір сілтей салу — оңай. Ал «сүйгенім» деп, сол сезім үшін келген әр сынаққа төзе білу — нағыз ерліктің белгісі.
Сүйіспеншілік – жай ғана әдемі сөз емес, ол – жауапкершілік. Ол – кейде өзіңді жеңу, кейде сабыр сақтау, кейде кеткің келсе де қалу. Өйткені шынайы сезім қашудан емес, күресуден тұрады.
Бұйырғаны осы болған екен деп, сүймеген адамды ала салу – бір секундтық оңай шешім болуы мүмкін. Бірақ сол шешіммен өмір бойы өкініп өтуіңіз мүмкін. Егер сіз ол адамды шын сүймесеңіз, жүрегіңіз тартпаса — неге оның өмірін қор қыласыздар? Әр қыз бақытқа лайық, ал бақыт — шынайы сезімнен ғана басталады.
Қиындық келгенде кетіп қалу – кез келгеннің қолынан келеді. Ал қалу, түсіну, кешіру, қорғау – мықтының ісі. Сол үшін де еркектің күші тек сөзінде емес, ісінде, төзімінде, адалдығында.
Егер шын сүйіп, таңдасаң — соңына дейін бар. Себебі махаббатқа лайық адам болу — ең үлкен жеңіс.