ӘНТӘЛ ҺӘДИ Құнсыз құлың – дәргейіңе жылап келдім, Жетегіңе ал, жолыңа… — Яссауи даналығы — TG.ME

ӘНТӘЛ ҺӘДИ Құнсыз құлың – дәргейіңе жылап келдім, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Я, Құдірет, адастырмас шырақ бергін, Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Болдым басыр, мисыз басты нанға тығып, Сеніменен сырласпаппын таңда тұрып. Кешермісің өкінсем мен мәңгі аһ ұрып? – Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Қорқып келгем Жан мен Тәннен харамдалған, Кенет маған дауыс жетті Жан-Алламнан. Қайта жақты үміт отын тәмам болған, Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Кір күнәмен былғап алдым иманымды, Бұралқы иттей қақпан шалған сирағымды. Бұл халіммен қалай көрем дидарыңды!? – Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Кім бола алар саған деген сенімге кес?! – Сенсіз жүрген жолым дәйім менің көмес. Мейіріңсіз қиындығым жеңілдемес, Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Мен жолыңда бас бермедім, Қадір-Жарым, Бас деген не? – Жүз мың пида ғаріп жаным! Дертім – өзің, дәрім де – өзің, зарым – қалың, Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Сенің зауқың – бар қорегі Жан-Иманның, Махаббат бер, орнына жанымды алғын. Махшар күні шапи болғай сенің Шауқың, Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Әнтәл Һәди, Әнтәл Хақтың зікірі зор, Пірмұғанның сөзін ұқсаң пікірі зор, – Жан сарайың жарық табар – шүкірі мол. – Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Құл Қожа Ахмет, саған рахым тиер ме еді, «Шүкір» дейін, «пендем» десе Ием мені. «Пендем» демей, жүз қайырса – не етем енді? – Құлың тұтып, жолыңа сал, Әнтәл Һәди. Ахмет Ясауи

January 11, 2023 8.4K 11