СӘТТІҒҰЛДЫҢ ТОЛҒАУЫ Хақ Расулы – Мұхамбет – Абзалы артық нұр өткен… — Яссауи даналығы — TG.ME

СӘТТІҒҰЛДЫҢ ТОЛҒАУЫ Хақ Расулы – Мұхамбет – Абзалы артық нұр өткен. Артынан келіп төрт имам, Шариғат жолын күзеткен. Пәруар пірдің басшысы – Қожа Ахмет Ясауи Түркістанда бұ да өткен, Туына жұртты түнеткен. Зікірін айтып зарланып, Пікірін бізге мұра еткен. Солардан мирас болынған Шариғат шамы жағылған, Тариқат жолы табылған, Хақиқатқа бағынған. Әр орында мешіт бар Құдай үшін салынған, Бірден бірге қалынған. Қожа Ахмет, Пір Бекет – Солардан үлгі алынған. Айтқаны зікір, салауат: «Қашсын, – деп, – шайтан маңымнан». Пірлерден ізгі дұға алып, Жамағаттар құралып, Ораза, намаз тұталық, Хақиқат Хақтан сұранып. Құдай – жалғыз, Құран – шын, Ақиқат – рас, ол – анық. Ақиретті ойламай, Ақылы қысқа пендеміз Дүниеге жүрген жұбанып. Тура жолдан таймаған, Тәуекел етіп табандап, Уағыз, үгіт шашулы, Мұсылманды хабарлап – Михраб мешіт ішінде Сахардан тұрған азандап, Алланың махшар дәулетін Шын тілеген назарлап. Күллі тірлік болмысы Лаухы менен Махфұзда... Күллі тірлік болмысы Лаухы менен Махфұзда Сызылад дейді озалда-ақ. Пенденің қалмай баршасы, Махшарға барар базарлап. Шариғат айтқан тыңлатып, Азаннан тұрған ыңлатып, Тахлил, таспих, салауат, Зікір айтқан түн қатып, Кеудеден басты бұлғатып. Дүниені байқасаң, Әуелі де – Мұхамбет, Ақыры да – Мұхамбет, – Байлаулы бізге бір ұшы. Айтыла берсе табылар, Әңгіме-сөздің ығысы. Жетпіс мыңдай жыл дейді, Замананың озалда Жаратылған тұрысы. Белгісі дейді қайымның – Ер Мәдінің шығысы. Пайғамбардың бір әуен Қабірінен болынар «Ғайса!» деген дыбысы. Төртінші көктің үстінен Ғайса түсіп аспаннан. Тұздай еріп жоқ болар, – Тарылар Тажал тынысы. Ақиреттің қайғысын Ойлаған жандар – ақылды. Дүниені мақұлдап, Қуғанменен тақылдап, – Мезгілің жетсе бір күні Ажалдың оғы атылмақ. Ібіліс-шайтан – зор дұшпан Күнаға сүйреп батырмақ. Ер қырсыққа шалынса, Әртүрлі затқа шатылмақ. «Алла» деп, нәпсін тыйғандар, Бұрынғы шайқы, имамдар Жүргізген екен жұртына Шариғаттың хүкімін, Ұстаған діннің бүтінін. Тарихаттың жолынан Аудармай көңіл-пікірін, Қоймаған дәйім зікірін. Құдайдың сүйген құлдары Дидарына Жардың жолығып, Тамұқтың көрмей түтінін. Сәттіғұл Жанғабылұлы

October 1, 2022 9.3K 33