ИМАМ АҒЗАМНЫҢ МІНАЖАТЫ Әзіреті Имам Ағзам (р.ғ.) Мәдина шәріпке… — Яссауи даналығы — TG.ME

ИМАМ АҒЗАМНЫҢ МІНАЖАТЫ Әзіреті Имам Ағзам (р.ғ.) Мәдина шәріпке Пайғамбарымыз с.ғ.с.-ның зияратына келді де, тікесінен тік тұрып, Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым қылды. Сонан соң сынықтықпен бейшара күйде жылап, жалынып, жалбарынып, денесінен жаны шығып кеткендей болып былай деп Аллаға мінажат қылды: Ей, сен, мейірімді Алла! Құлсүйгіш Алла! Мен – күнәһар құлың. Дұға қылады, өзегін өртеп жылатар бір үн. Кешіруге өзің лайықтысың – кешірер болсаң, Рахметіңнен қусаң, бар сенен басқа жұбатар кімім?! Бұйрықтарыңның орындамадым саз бен ырғағын, Қадірін білмей, ырыздығыңды мәз боп ұрладым. Фазылыңмен, Құдай, панаңа алмасаң, күнәм тым ауыр, Әйтеуір, сенен басқа Құдайға сәжде қылмадым. Кеш, мейрімді Алла, қарай көрмеші жиіркеніп маған, Ақыр түбі – ажал, нәпсіге еріппін, тер төгіп харам. Өнбейтін істің (өнбейтін) соңында өксіді өткіншті өмір, Орны толмас өкініштерден өртеніп барам. Дайындығым жоқ, қайтіп сынар деп қиямет мені, – Зәрем ұшады. Өмірдің мәлім зая кеткені. Келмеске кеткен туыс пен достан ғибрат алсам, Сұм нәпсі жеңіп, белгілі болды-ау зиян еткені. Бұйрығыңнан, Алла, бас тартқаным жоқ қасарысқаннан, Өз нәпсім жеді, аумайтын ешбір аш арыстаннан. Мейірімді Алла, нәпсім еркіне жіберме бір сәт, Дінге жат – нәпсі! Сақта, Алла, бізді таса дұшпаннан. Күн нұры – тары, дін нұры – тау деп хабар алғамын, Сондықтан оған назарым тіктеп қарай алмадым. Салих құлдардың сапында жоқпын, сүйемін, бірақ, Бәлкім, кенеттен назары түсер маған Алланың! Әміріңе, Алла, жүгіріп кеппін көнбестен қырын, Жәрдем бере гөр тәубә қыларға өлместен бұрын. Өкініш өртеп, кешер деп тағы үміт қыламын, Үміт шырағын тұтатшы-ай, Алла! Сөнбес, сен – Нұрым!... Үміт шырағын тұтатшы-ай, Алла! Сөнбес, сен – Нұрым!... Сөнбес, сен – Нұрым! Сөнбес, сен – Нұрым! Имам Ағзам

October 1, 2022 7.4K 15