АСТАҒФАР Жаббар-Ие, ұлығым! Жамалыңның құлымын. Үзілерде ғұмырым… — Яссауи даналығы — TG.ME

АСТАҒФАР Жаббар-Ие, ұлығым! Жамалыңның құлымын. Үзілерде ғұмырым, Үмітім сен, ұлығым! Жан алушы келгенде, Жан тапсырар шер менде... Не қыламын, Құдай-ай? Жан берудің азабын, Әзәзілдің мазағын... Шапағатың болмаса, Не қыламын, Құдай-ай? Жаным шығып, ұшқанда, Тәнім табыт құшқанда, Жуылғанда мүрдеміз, Жабылғанда іргеміз, Не қыламын, Құдай-ай? Көп адасып нұрыңнан, Көбелекпін ұрынған. Жаббар-Ие, ұлығым! Жамалыңның құлымын. Қара жерге табыстап, Жеті қадам алыстап, Жұрт жиылып кеткенде, Сұраушылдар жеткенде, Не қыламын, Құдай-ай? «Торға, міне, түстің» деп, «Раббың кім, міскін?» деп, Хал сұрарда қалыптан, Не қыламын, Құдай-ай? Шарасыздық жеңгенде, Мүңкір-Нәңкір келгенде, «Раббың кім-дүр?» дегенде, Не қыламын, Құдай-ай? Құл Қожа Ахмет, сен пенде, Нәпсі қолынан шерменде. Махшар күні болғанда, Не қыламын, Құдай-ай? Ахмет Ясауи

September 6, 2022 7.8K 26