ИЛОН МАСК ПЕН ТРАМПТЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ Атақты кәсіпкер Илон Маск АҚШ… — 🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША — TG.ME

ИЛОН МАСК ПЕН ТРАМПТЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ

Атақты кәсіпкер Илон Маск АҚШ Конгресі Трамптың «керемет әрі ғажап заң» деп атаған салықтық жеңілдіктер туралы заң жобасын қабылдайтын болса, жаңа Америкалық партия құратынын мәлімдеді.

— Елге тек демократтар мен республикашылар арасындағы таңдаудан гөрі, нағыз балама керек. Халықтың шын мәнінде дауыс беру құқығы болуы тиіс, — деп жазды Маск өзіне тиесілі әлеуметтік желіде.


АҚШ президенті Дональд Трамп Масктың бұл сынына Truth Social желісінде жауап қайтарды. Ол электромобильдерге қарсы екенін ашық айтты және Масктың бұны сайлау алдындағы қолдау кезінде білгенін еске салды.

— Электромобильдер жақсы, бірақ ешкімді оларды сатып алуға
мәжбүрлеуге болмайды
. Илон, мүмкін,
АҚШ тарихындағы ең көп субсидия алған адам
шығар. Бұл көмексіз оның бизнесі баяғыда жабылып, өзі
Оңтүстік Африкаға қайтып кеткен болар еді
, — деп жазды президент Трамп.


@FINANCEkaz
July 1, 2025 690