Мінсіз шенеунік деген кім?
Әлеуметтік желілерде кейбіреулер «шенеунікке ешқашан қымбат аяқ киім, кәстөм, сағат, белдік тағуға болмайды, велосипедпен жүріп, тек минималды жалақы алуы тиіс» деп дау шығарады. Қоғамның пікірінше мінсіз шенеунік – «Его Воробейшество» сияқтылар, тек идеалдарға сүйене отырып, барлығын бақытты және бай ететін адам. Бірақ бұл жүйе іс жүзінде жұмыс істемейді.
Кедейлік – мемлекет үшін қауіп. Мемлекеттік қызметкер айлықтан айлыққа дейін өмір сүрсе, ол әртүрлі сынақтарға төтеп бере алмай, осал болады. Кез келген «қосымша мүмкіндік» – сыйлық, конверт, қызмет – азғантай болса да үлкен сынаққа айналады. Егер шенеунік өзіне тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, жемқорлыққа қажеттілік туындайды. Екінші жағынан қатал әрі міндетті жаза болуы керек тәрізді. Бірақ егер шенеуніктің мотивациясы аз болса, бұл да мәселені шешпейді. Сенбейсіз бе? Қытайды қараңыз: жемқорлық үшін өлім жазасы бола тұра, шенеуніктердің жалақысы өте төмен, бірақ жемқорлық әлі де бар және көп.
Кедей шенеунік стратегиялық деңгейде ойлай алмайды.
Ол тек бүгінгі проблемаларды шешуге бейім, ұзақ мерзімді институттарды құруға қауқары жоқ. Жоғарыдан немесе төменнен келетін қысымға «жоқ» деп айта алмайды.
Тұрақтылық пен қауіпсіздік – лайықты жалақыда. Мемлекет шенеунікке лайықты жалақы төлеуі керек, сонда оларды ұрлыққа экономикалық ынталандыру емес, қызмет етуге моральдық ынта итермелейді. Бұл – сән мен байлық туралы емес, жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы туралы.
Популизм – жасырын қауіп. «Его Воробейшество» кедейлікті дәріптеді, бірақ шын мәнінде Корольдік Гаванада діни диктатура орнатты: бәрі бақытты, бірақ өте шартты түрде. Сол себепті популизм – біз ойлағаннан да қауіпті.
@FINANCEkaz
October 13, 2025 710 2