ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР САУАЛНАМАЛАРЫ ШЫН МАҒЫНАСЫНДА НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ Pew… — 🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША — TG.ME

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР САУАЛНАМАЛАРЫ ШЫН МАҒЫНАСЫНДА НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ

Pew Research Center зерттеу орталығының маманы Эндрю Даниллердің лекциясынан қысқаша мазмұн. Эндрю — америкалық саясат пен жалпы саяси үдерістерге қатысты қоғамдық пікірді зерттейтін сарапшы. Оның тақырыптары: саяси поляризация, үкіметке сенім, сайлау, бюджет және салық мәселелері.

Анықтама: Pew Research Center — АҚШ-тың Вашингтон қаласында орналасқан коммерциялық емес зерттеу ұйымы. Бұл орталық қоғамдағы үрдістер, демография, қоғамдық пікір және адамдардың түрлі тақырыптар бойынша мінез-құлқын зерттеп, талдайды. Бұл — әлемдегі ең беделді әлеуметтік зерттеу орталықтарының бірі. Pew ешқандай саяси немесе коммерциялық насихатпен айналыспайды. Ұраны — «Көзқарас емес, дерек» (Data, not advocacy).

📍 Біз — ой фабрикасы емеспіз, факт фабрикасымыз. Яғни Think Tank емес — Fact Tank. Біз ешқандай саяси ұстанымды жақтамаймыз, бәріміз бейтараппыз, өзіміздің саяси көзқарасымыз жоқ. Біздің мақсатымыз — қоғамдағы диалогты байыту үшін нақты деректер мен маңызды мәліметтер ұсыну. Әлемге бейжай қарамайтын азаматтарды ақпараттандыруға тырысамыз және шындықты мүмкіндігінше дәл көрсетуге талпынамыз.

📍 Біздің құндылықтарымыз: Тәуелсіздік. Объективтілік. Дәлдік. Анықтық. Кішіпейілділік. Ашықтық. Инновация.

📍 Біз кездейсоқ телефон қоңырауларын шалып сауалнама жүргізудің орнына, он жылдан астам уақыт бойы бүкіл ел бойынша тіркелген 10 000-нан астам ересек америкалық қатысатын арнайы ATP панелін қолданамыз.

📍 Сауалнама нәтижелеріне сенуге бола ма? Иә, кей кездері сауалнама нәтижелері президенттік сайлау қорытындыларымен сәйкес келмеген жағдайлар болды. Бірақ сенімге қатысты сұрақ әсіресе қоғам пікірі күрт екіге жарылған кезде туындайды. Біз өз орталығымызда бәсекелеспейміз — басқа орталықтармен кім «дәл» болады деп жарыспаймыз. Керісінше, біз адамдар үшін жұмыс істейміз — оларға жауап емес, маңызды тақырыптар бойынша ақпарат ұсынамыз.

📍 Мен қоғамның саясатқа қалай араласатынын, өзін мемлекеттік шешімдерге қаншалықты қатысы бар деп санайтынын зерттеймін. Саяси поляризация — өте маңызды мәселе. Себебі бұл — жай ғана түрлі көзқарас емес, қарсы пікірдегі адамдар бір-бірін ашық ұнатпайтынын және бұл болашақта ешбір келісімге келе алмайтынын білдіреді.

📍 Халық ұстанатын құндылықтарды зерттеу — саяси шешім қабылдау үшін өте маңызды. Біздің басты мақсатымыз — қоғамдық диалогты байыту.

📍 Трамптың соңғы сайлаудағы жеңісі қызық этникалық коалициямен байланысты болды — оны азиялық текті америкалықтар, испантілділер және афроамерикалықтар да қолдады. Біз сайлау нәтижесін болжауға тырыспадық — бірақ сайлаудан кейін неге дәл осылай болғанын анықтау үшін белсенді түрде жұмысқа кірістік.

📍 Біз ешқашан «51% — бұл көпшілік» деп айтпаймыз. Біз әрқашан «жартысы» деп айтамыз.

📍 Әдетте, елдің экономикалық дамуына көңілі толмайтын адамдар демократияға да наразы екенін айтып жатады.

📍 Кей кездері бізге демеушілерден қысым түсуі мүмкін, бірақ бұл өте сирек. Біз кейде есептерімізді медиа немесе әлеуметтік желідегі адамдар дұрыс түсінбейді деп уайымдаймыз. Бірақ біз әрқашан өз деректерімізді де, қорытындыларымызды да қорғауға дайынбыз.

@FINANCEkaz
July 15, 2025 752