Жол-көлік оқиғасының куәсі болсаңыз – дұрыс әрекет етіңіз 1️⃣… — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ — TG.ME

Жол-көлік оқиғасының куәсі болсаңыз – дұрыс әрекет етіңіз

1️⃣ Өзіңіздің және зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Апаттық шамдарды қосып, көліктің өртенуіне жол бермеңіз.
2️⃣ 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Жол-көлік оқиғасының болған жерін және зардап шеккендердің санын хабарлаңыз.
3️⃣ Демалуын тексеріңіз. Егер адам ес-түссіз және қалыпты демалмай жатса – жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) бастаңыз: кеуде қуысына 30 рет басу → 2 рет дем беру.
4️⃣ Қатты қан кеткен жағдайда жарақат алған жерді таза матамен немесе дәкемен басып, көмек келгенше қысымды ұстап тұрыңыз.
5️⃣ Қажет болмаса, зардап шеккен адамды қозғалтпаңыз. Жол-көлік оқиғасы кезінде омыртқа жарақаты болуы мүмкін.
September 2, 2026 307 1