Ұлытау облысында өңірдің басты медициналық орталығы – Жезқазған қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық ұйымдарды жаңғырту бойынша республикалық жоба жүзеге асырылуда.
2025 жылы мұнда жалпы ауданы 24 мың ш.м-ден асатын 9 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Үй-жайлар, инженерлік желілер, операциялық блоктар мен палаталар жаңартылуда. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта 6, 7, 8 және 9-шы қабаттар жөндеуден өткізілді. 5-ші қабаттағы жұмыстар аяқталу сатысында. Сондай-ақ, іргелес аумақ абаттандырылатын болады. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайды.
Бұдан бөлек, құны шамамен 2,7 млрд теңге болатын 47 дана заманауи медициналық жабдық сатып алынып, орнатылды. Олардың қатарында томографтар, ангиограф, эндоскопиялық және роботтандырылған жүйелер бар. Онкологиялық қызметті кеңейту мақсатында 100 төсек-орынға арналған жаңа корпус салу жоспарлануда.
🏥 Ауруханада медициналық персоналды жоғары технологиялық манекендер, виртуалды модельдер және стандартталған пациенттерді (актерлерді) пайдалана отырып оқытуға арналған заманауи симуляциялық орталық жұмыс істейтін болады. Жаңа құзыреттер орталықтары озық клиникалық тәсілдерді енгізу алаңына айналады.
Қазірдің өзінде пульмонология, кардиология және госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Алдағы уақытта гастроэнтерология және ревматология бөлімшелері өз жұмысын бастайды.
Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда ауруханаға 36 тәжірибелі және жас маман тартылды.
Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде облыстық аурухана жоғары деңгейдегі заманауи медициналық орталыққа айналады. Бұл облыс тұрғындарына өңірден тыс жерлерге шықпай-ақ, жоғары технологиялық және сапалы медициналық көмекті өз жерінде алуға мүмкіндік береді.
⚜️⚜️⚜️
В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ИДЕТ МАСШТАБНАЯ РЕНОВАЦИЯ ОБЛАСТНОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ
В области Ұлытау в главном медицинском центре региона – Областной многопрофильной больнице г.Жезказгана продолжается реализация республиканской программы по реновации медицинских учреждений.
В 2025 году здесь начат капитальный ремонт 9-этажного здания общей площадью более 24 тысяч кв.м. Обновляются помещения, инженерные сети, операционные и палаты. Завершение работ запланировано на 2027 год. В настоящее время отремонтированы 6, 7, 8 и 9 этажи. На стадии завершения 5 этаж. Также будет благоустроена прилегающая территория. Общая сумма затрат составляет 4,2 млрд тенге.
Кроме того, приобретены и установлены 47 единиц современного оборудования стоимостью около 2,7 млрд тенге. Среди них – томографы, ангиограф, эндоскопические и роботизированные системы. Для расширения онкологической службы планируется строительство нового корпус на 100 коек.
🏥 В больнице, также, будет работать современный симуляционный центр для обучения медицинского персонала с использованием высокотехнологичных манекенов, виртуальных моделей и стандартизированных пациентов (актеров). Новые центры компетенций станут площадками для внедрения новейших клинических подходов.
Уже открыты отделения пульмонологии, кардиологии, госпитальной формации. В дальнейшем начнут работу гастроэнтерологическое и ревматологическое отделения.
Особое внимание уделяется кадровому потенциалу. За последние три года в больницу привлечены 36 опытных и молодых специалистов.
В результате реновации областная больница станет современным медицинским центром высокого уровня, что позволит жителям области получать высокотехнологичную и качественную медицинскую помощь на месте, не выезжая за пределы региона.