🇰🇿🤝🇹🇯 «Семей медицина университеті» КеАҚ Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде ғылым және білім беру саласында бірқатар іс-шара өткізді. Атап айтқанда, медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологияларға арналған мастер-кластар ұйымдастырылды.
🦾 Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне барған делегацияның сапары барысында университет студенттерінің цифрлық денсаулық сақтау және жасанды интеллект саласындағы инновациялық әзірлемелері таныстырылды.
🧠 Жобалар медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сәуле Орынғазықызы Рахыжанованың жетекшілігімен әзірленген.
«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері — Ақылбеков Бақытбек, «Онкология» мамандығы бойынша резидент дәрігер, Калиев Сернад, «Медицина» мамандығының 4-курс студенті және Акимова Аделия, «Стоматология» мамандығының 3-курс студенті жетекшілерімен бірге өздерінің стартап-жобаларын таныстырып, заманауи медицинадағы жасанды интеллект бағытындағы әзірлемелері туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz



