Жобаның шеңберінде ұлттық жаттықтырушылар Қазақстанның 20 өңіріне… — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ — TG.ME

📕 Жобаның шеңберінде ұлттық жаттықтырушылар Қазақстанның 20 өңіріне барып, босандыру, балалар және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының медицина қызметкерлеріне ана сүтімен қоректендіру негіздері бойынша оқыту семинарларын өткізді.

👥 Барлығы 503 ұлттық тренер даярланды. Олар ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің ана сүтімен қоректендіруді қолдау жөніндегі ұсынымдарын өңірлік деңгейде енгізуге ықпал етуді жалғастыруда.

Соңғы онжылдықтарда омыраудағы және ерте жастағы балаларды қоректендіру тәжірибесі де айтарлықтай өзгерді. Бұған, оның ішінде, ана сүтін алмастыратын өнімдердің коммерциялық маркетингі әсер етті.

✅ Бұл отбасыларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету және әрбір әйелдің ана сүтімен қоректендіру мәселелері бойынша білікті көмек пен қолдау алуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасаудың қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
www.gov.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медицина техникасының айналысы, медициналық…
August 31, 2026 227