Конституциялық Сотта жас қызметкерлер арасында «Тіл шебері» байқауы… — Конституциялық Сот 🇰🇿 — TG.ME

Конституциялық Сотта жас қызметкерлер арасында «Тіл шебері» байқауы өтті

Қазақстан халқының тілдері күні және көрнекті ағартушы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында Конституциялық Сотта «Тіл шебері» байқауы өтті.

Байқауға Конституциялық Сот Аппаратының жас қызметкерлері қатысты. Олар бес тақырыптық кезең барысында қазақ тілін, Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін білу деңгейін, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау жас қызметкерлердің тіл мәдениетін арттыруға және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде лингвистикалық талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталды. Құқықтық нормаларды сауатты, анық әрі бірмәнді тұжырымдау олардың құқықтық мағынасын дәл әрі дұрыс жеткізу үшін ғана емес, құқық қолдану практикасында, әсіресе азаматтар үшін, құқықтық мазмұнның түсінікті болуын қамтамасыз етуде де айрықша маңызға ие.
September 5, 2026 306