Өз сөзінде ол ғылыми жұмысының негізгі бағыты ядролық энергетикада қолдануға арналған жаңа материалдарды зерттеу және өңдеумен, атап айтқанда, дисперсті ядролық отын ретінде пайдалануға болатын керамикалық материалдарды әзірлеумен байланысты екенін атап өтті.
«Ең алдымен, Мемлекет басшысына жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін тұрғын үй сертификаты – маңызды әлеуметтік қолдау ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмысымды одан әрі сенімді түрде жалғастыруға, зерттеулеріме көңіл бөлуге және отандық ғылым мен ядролық энергетиканың дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік. Мұндай бастамалар жас зерттеушілерге кәсіби тұрғыдан дамуға, ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге қосымша мүмкіндік береді деп сенемін. Жас ғалымдарды қолдау – ғылымның болашағына және еліміздің технологиялық дамуына салынған инвестиция», - деді жас ғалым.
***













