әйелі көз жұмғанына 8 ай өткенде үйленген ерсымақ туралы естіген шығарсыздар. онысымен қоймай, үкіметтен келген 20 млн мен көлікті солар алыпты, туған әке-шешесі емес. я Алла осы өмірде бір есуас еркекке қаратып қоймасыншы бізді! саналы, салиқалы, текті жігіт бұлай жасамас еді. қыздар, біз пәк жүрек ойлаймыз ғой, ‘ойбай өмірлік серігім ғой, бірге көтерілеміз, от болып, күл болам отбасым үшін, балам үшін, жарым үшін’ деп. керек емес екенін қанша ситуациялар дәлелдеп жатыр ғой
күйеуге шыққанға дейін алған үйлеріңді, көлік, алтындарыңды күйеуде жүріп сатпаңдар, отбасылық қазынаға салмаңдар, еркек үшін өліп-күймеңдер, айналайындар! талай бизнесменді де көріп жатырмыз, 20-30 жыл бір әйелмен тұрып, ақшасын пайдаланып империя құрып, қазір тоқал алып елдің алдында сыйлы болып жүрген. қанша жерден еркекті қолдағың кеп, сенгің келеді ғой, бірақ өзіңізді бірінші орынға қойыңыздар әрдайым
табатын наның мен карьераңа, оқуына сенімді бол! оқыған, өз ақшасын таба алатын, өзін сыйлайтын әйелден еркек те сескенеді, әр қадамын ойлап басады
ал бұндай қайғыны еш анаға бермесінші! алла сақтасын, гүлдей қызынан айрылып, енді сол дүниеге соттасуы керек. қандай оңбаған еркек болды бұл. құда мың жылдық, ата анасы не қарады? жүрек ауырады 💔 тағдыр ғой, бірақ тағдыр екен деп білгенін істеуге де болмайды. жер дөңгелек 🙏