Имам ибн Әл-Қаййим әкенің баласы алдындағы, баланың әкесі алдындағы жауапкершілігі туралы өте пайдалы сөз айтады:
«Кейбір ілім иелері былай деген:
«Алла Тағала Қиямет күні баладан әкесінің алдындағы міндеттерін сұрамас бұрын, ең алдымен, әкеден баласының ақысы жайлы сұрайды»
Алла Тағаланың:
{ وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَـٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ حُسۡنًاۖ }
(«Әл-'Анкәбут» сүресі, 8-аят)
«Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік (бұйырдық)», — деген аятына сәйкес, әкенің баласында ақысы болғаны сияқты, баланың да әкесінде ақысы бар.
Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:
{ قُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ وَأَهۡلِيكُمۡ نَارًا وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلۡحِجَارَةُ }
(«әт-Тахрим» сүресі, 6-аят)
«Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болатын тозақ отынан қорғаңдар!», — деп бұйырған.
Әзіреті Әли (радиаллаһу әнһу) бұл аятты: «Өздеріңізге және отбасыларыңызға ілім үйретіңіздер әрі оларды тәрбиелеңіздер», — деп түсіндірген.
Одан бөлек, Алла Тағаланың:
۞وَٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـًٔاۖ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَـٰنًا وَبِذِى ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَـٰمَىٰ وَٱلۡمَسَـٰكِينِ وَٱلۡجَارِ ذِى ٱلۡقُرۡبَىٰ }
(«ән-Ниса» сүресі, 36-аят)
«Аллаға құлшылық қылыңдар және Оған ешбір нәрсені серік қоспаңдар. Сондай-ақ ата-анаға, туыстарға, жетімдерге, міскіндерге (кедейлерге) және жақын көршіге жақсылық жасаңдар...», — деген әмірін толықтыра түсіп, Алла Елшісі (ﷺ):
«Балаларыңыздың арасында әділ болыңыздар (оларды алаламаңыздар)», — деп өсиет еткен.
#мұсылмандықтұтқасы
#Аударма34