Нәпсінің 7 деңгейі бар екенін білесіз бе?
Нәпсі дегенде біздің ойымызға тек қана жаманға итермелейтін бір нәрсе ойымызға келеді. Бірақ Ислам философтары нәпсіге ذو حياة яғни “жаны бар” деп таным береді. “كل نفس ذائقة الموت” барлық нәпсі өлімнің дәмін татады деген аятта міне нәпсі дәл осы мағынада қолданылады. Былайша айтқанда нәпсі ол біз, адамның өзі. Алла Тағала адамды қан мен судан физикалық дене бітімін жаратса, оған “Өз рухынан” үрлеп жан береді. Бұл жанды тасымалдаушы зат осы нәпсі. Міне осы нәпсінің ғалымдар жеті деңгейі бар деп айтқан. Бұл деңгей адамның Құдайдың алдындағы деңгейін көрсетеді. Ең төменгі деңгейден бастасақ:
Жамандықты әмір ететін нәпсі. Бұл біздің қазіргі қолданыстағы нәпсіміз. Нәпсіңді ти деп осыған айтылады. Өйткені ол Алланың айтқанына қарсы жүреді, шайтанның айтқанын қоштайды.
Шариғаттың айтқанына көнетін, бірақ әлі де шәхуатынан тыйыла алмайтын нәпсі.
Шәхуатын жеңіп, қасиетті әлемге яғни Аллаға толығымен бет бұрған нәпсі.
Дүниелік қызықтың барлық ләззәтін ұмытқан нәпсі.
Одан да жоғары шығып, рухани дәрежелердің өзі ол үшін маңызды болмаған нәпсі. Яғни, белгілі бір сауап, белгілі бір тақуалық мақамды қуаламайтын нәпсі.
Бұл деңгейден де жоғары шығып, Алладан басқаны көрмейтін нәпсі.
Оған Раббысының өзі: “қайтадан жаратылыстардың арасына қайт, оларға хидаятқа жол көрсет” деп әмір етілген Кәміл нәпсі.
Әрбір деңгейде, байқасаңыздар, адам Раббысына бір қадам жақындай береді. Оған басқа махаббат қызық емес. Ең жоғарғысы Кемел нәпсі. Бұл әлемде осы жетінші деңгейге жеткен бір ғана адам бар. Кім деп ойлайсыздар?