Құрметті жақсылар мен жайсаңдар, пейілі кең жомарт жандар! Бірнеше күннен бері ғазиз ғұмырын ұлтқа ұстаздық пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған, Білім-инновация лицейлері жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Бақтияр Омаров ағамыздың жағдайына алаңдап, хал сұрап хабарласып жатқан жанашыр жанның қарасы қалың. Алғысымыз шексіз. Енді қысқаша: Бақтияр ағаның өмірін сақтап қалу үшін бауыр трансплантациясы жасалуы керек еді. Сол жолда баласы Али нағыз батырлық танытып, өз бауырының бір бөлігін әкесіне сыйға тартпақ болған. Алайда ота үстінде күтпеген жағдай орын алды. Операцияға кіріп, наркоз беріп, бауырын алғалы жатқанда Алидің жомарт жүрегі тым қатты соғып, аритмия болған. Дәрігерлер бір жарым сағатқа жуық Алидің жүрек соғысын реттеуге тырысқан. Өкінішке орай нәтиже болмады. Яғни Алидің донорлығы және жоспарлы ота сәтсіз аяқталды. Сағаттар сырғуда, секундтар зымырауда. Уақыт Бәкеңнің жүрегімен жарысуда. Бауыр сәтті және шұғыл ауысса жаратқан ғазиз жүрегін ұзақ соқтырады деп сенеміз. Іздестіре келе күні кеше Минск қаласынан қуанышты хабар жетті — шетелдік мамандар донор табылғанын, әрі бауыр ауыстыру отасын жасауға дайын екендерін айтты. Жағымды жаңалық үмітімізді ұштай түсті. Алайда бұл мүмкіндіктің де өз құны бар. Суретте есеп толық көрсетілген. Бақтияр ағамыз — бір емес, бірнеше буынға ұстаз болған, Білім-инновация лицейлері желісінде талмай еңбек етіп келе жатқан қадірлі азамат: - Шымкент БИЛ – 1998 жылғы түлегі - Шымкент БИЛ – тәрбиеші - Алматы Ақсай БИЛ – мұғалім - Шымкент БИЛ – мұғалім - Қызылорда БИЛ – мұғалім - Семей БИЛ – оқу ісінің меңгерушісі - Тараз БИЛ – директордың орынбасары - Талдықорған БИЛ – мектеп директоры - Қостанай БИЛ – мектеп директоры - Ақтөбе БИЛ – мектеп директоры Жомарттар кіретін жұмақ есігін айқара ашып, АСАРЛАТЫП, бірге қол ұшын созайық! Кез келген көмек — үлкен үміт, әрбір тиын — үлкен аманат! Аударым жасау үшін жұбайы Гүлмира ханымның реквизиттері: Kaspi Gold (Гүлмира К.): • Телефон нөмірі: +7 (707) 784-81-91 • Картаның нөмірі: 4400 4302 1584 7655 Halyk Bank (ГҮЛМИРА К.): • Телефон нөмірі: +7 (707) 784-81-91 Visa карта (ГҮЛМИРА К.): • Картаның нөмірі: 4003 0351 6412 6612
Құрметті жақсылар мен жайсаңдар, пейілі кең жомарт жандар! Бірнеше… — TULEBAYEV NT🇰🇿 — TG.ME
April 13, 2025 2K 14