Бір айға жуық ештеңе жазбасам да оқырманым боп қалған жандарға алғыс білдіремін.
Жалпы есепте осы жыл басталғалы түрлі кезеңдерден өттім, трансформацияландым.
20 — 25 жас аралығы көзді ашып-жұмғанша өте шықты.
25-ке келген кезде "пай-пай" деген шақтың өтіп жатқанын түсіне бастадым. Неге көп қаламгерлер "ай-хай 25" деп жазған, жырлаған, толғаған?
Оны тек сол жасқа жеткенде ұқсаң керек...
26-ға толғанда қатты қуанбадым, 27-ге толғанда мұңайдым...
Орда бұзар шаққа 3 жыл қалды, ал.
Шүкір, Алла деп "Bolashaq" деген баспа үйін аштық, 27-ге кеп жеткен жетістігім осы болды. Өмірімнің соңына дейін 100 кітап шығарсақ деген арман болған, жасалып жатқан жұмыс көлеміне қарасақ, 6 айдың ішінде 100-ден асып кетіппіз. Енді ол мақсатты 1000 кітап деп көтердік. 1000-ға жеткенде 10мың кітап деп көтерерміз, оған дейін жан нәсіп.
Жалпы бар ғой, құлатып барып көтереді өмір, көтеріп тұрып жылатады, кейде жылытады. (Сәл-пәл қиыннан қиыстырып, ұйқас кеп қалатыны бар, сол кезде жыламасаң да жыладым деп жазуға тура келеді 😂)
Жазудан қол үзбедік, айтпағым сол. Бос нәрсе жазғанша, жазбаған абзал ғой. Мейлінше ой түймекке сеп болар дүниелер толғаймын.
#ой_түймекке