ҰЯТТЫ_СҰРАҚТАР: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОБЛИГАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ… — 🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША — TG.ME

👉 #ҰЯТТЫ_СҰРАҚТАР: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОБЛИГАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ

@FINANCEkaz «ұятты сұрақтар» айдарын одан әрі жалғастырады — бұл жерде біз ең өзекті, бірақ көбісі сұрауға қысылатын қаржылық тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреміз.

Бүгінгі тақырып — мемлекеттік қарыз бен облигациялар турасында.

— Кеше ҚР Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарығынан 7 және 12 жылға $2,5 млрд көлемінде облигациялар шығарып, қарыз алды. Енді біз және біздің ұрпақ тағы да қарызға бата ма?

— Жоқ, әрине. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның жиынтық қарызы ₸33,8 трлн, немесе $67,2 млрд. Ол үш бөлікке бөлінеді: тікелей мемлекеттік қарыз, мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекет берген кепілмен алынған қарыздар. Оның ішінде ₸22,5 трлн ($44,8 млрд) — ішкі қарыздар. ҚР мемлекеттік қарызының ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі — шамамен 24%.

— Бұл көп пе?

— Жоқ. Бұл — әлем бойынша ең төмен деңгейлердің бірі. Бізден аз қарызы бар елдер саусақпен санарлық, ол мәселен, Беларусь, Ресей, Түрікменстан, Конго, Косово, Ауғанстан мен Гаити елдері. Яғни, бұл елдерге ешкім оңайлықпен несие бермейді. Біздің деңгейге Әзірбайжан мен Швейцария жақын, ал бізден де жақсы көрсеткіш — Гонконг пен Кувейтте.

— Онда неге кейбір депутаттар дабыл қағуда?

— Себебі $67,2 млрд деген сома көпшілік үшін үрейлі көрінеді. Кей депутаттар тек үкіметтің емес, бүкіл мемлекеттік қарызды қоса айтып отыр. Оған түрлі корпоративтік қарыздар мен квазимемлекеттік ұйымдардың берешектері де кіреді. Сонда жалпы сома $200 млрд-тан асып кетеді, бірақ ол үшін мемлекет те, азаматтар да жеке жауапты емес.

— Бізде Ұлттық қор бар ғой. Неге сол жерден алмаймыз?

— Себебі Ұлттық қор қазіргі облигациялармен салыстырғанда жоғары табыс әкеліп отыр. Бұл сіздің инвестициялық портфеліңіз жылына 8–10% табыс беріп жатқанда, оны сатып, 4% несиемен үй алғанмен пара-пар. Яғни, сіздің өз ақшаңыздың табыстылығы несие пайызынан жоғары болса — оны шешіп алу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ұлттық қордағы қаржы тиімді қаржы құралдарына салынған.

— Егер жағдай күрт өзгерсе — қарыздың барлығы бізге жүктелмей ме?

— Егер күтпеген дағдарыс болып жатса, Қазақстанда жеткілікті көлемде резервтер мен Ұлттық қор бар, ол барлық халықаралық міндеттемелерді жабуға жетіп артылады. Сондықтан еш дүрбелеңсіз айтарымыз: қаржы қауіпсіздігі бар.

Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз? Қарыз алу — тәуекел ме, мүмкіндік пе?

@FINANCEkaz
June 26, 2025 598 3