АҚШ ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАДЫ АҚШ Әскери-әуе күштері Ирандағы үш ядролық… — 🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША — TG.ME

🇺🇸 АҚШ ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАДЫ

АҚШ Әскери-әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанаға соққы берді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді:

— Біз Ирандағы үш ядролық нысананы — Фордоу, Натанс және Исфаханды — сәтті атқыладық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде. Басты нысана — Фордоуға толық жүкпен БОМБА тасталды. Барлық ұшақтар аман-есен үйге қайтып жатыр. Америкалық сарбаздарымызға алғыс — әлемде мұндайды жасай алатын басқа әскер жоқ. ҚАЗІР — БЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТЫ! Бұл мәселе бойынша назар аударғандарыңызға рақмет.


Axios порталының хабарлауынша Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Иранға жоспарлаған соққысы туралы алдын ала Израильді ескерткен.

@FINANCEkaz
June 22, 2025 501