ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ СТАВКАНЫ 16,5% ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАЛДЫРДЫ Қазақстан… — 🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША — TG.ME

ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ СТАВКАНЫ 16,5% ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАЛДЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме дәлізі +/- 1 пайыздық тармақты құрайды.

— Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11,3%-ға жетті. Бағаға сыртқы сектор тарапынан қысым күшейіп келеді. Бұл Ресейдегі жоғары инфляцияның сақталуымен, жаһандық азық-түлік бағасының жоғары сұраныс аясында өсуімен және валюта бағамдарының құбылуымен, сондай-ақ сауда қақтығыстарының ушығуы мен шикізат бағасының тұрақсыздығына байланысты белгісіздіктің артуымен түсіндіріледі, — делінген реттеушінің хабарламасында.

Қазақстан экономикасының 2025 жылға арналған өсу болжамы ішкі сұраныстың артуы мен инвестициялық белсенділіктің жоғарылауына байланысты 5-6% деңгейіне дейін көтерілді. Ал 2026 жылға арналған болжам 2025 жылғы бірқалыпты өсу мен мұнай бағасының алдыңғы болжаммен салыстырғанда төмендеуіне байланысты экспорт өсімінің баяулауын ескере отырып, 4-5% деңгейінде сақталды.

— Қалыптасып отырған жоғары инфляция жағдайында ақша-кредит шарттарын бұрын күтілгеннен ұзағырақ уақыт бойы салыстырмалы түрде қатаң деңгейде ұстау қажет. Коммуникациялық саясатты кеңейту аясында Ұлттық Банк ағымдағы болжамдық кезеңнен бастап базалық мөлшерлеме бойынша шешімдердің талқылау нәтижелерінің қысқаша мазмұнын жариялауды бастайды.

@FINANCEkaz
June 5, 2025 599