🏠 Жылжымайтын мүлік нарығын салқындату жалғасуда
Отбасы банкі 2025 жылдың
2 шілдесінен бастап несиені мерзімінен бұрын өтеу ережесін өзгертеді. Егер сіз несиені толықтай жауып тастасаңыз, сол несиеге байланысты ашылған депозиттегі ақша негізгі қарызды өтеуге кетеді, ал депозиттің шарты автоматты түрде бұзылады. Жаңа несие алу үшін сізге жаңа депозит ашу немесе бұрынғы несиемен байланысы жоқ басқа депозитті пайдалану қажет болады.
Бұл өзгеріс — бір депозитпен бірнеше рет үй сатып алуға жол бермеу үшін енгізіліп отыр. Сөйтіп Отбасы банкі тұрғын үй нарығын біртіндеп бәсеңдетіп жатыр, бұл үй бағасының тұрақтануына көмектеседі.
#үй #Отбасы @FINANCEkaz

June 2, 2025 583