Егер шынайы бақыттың негізі Аллаға иман келтіруде болса, онда оған апарар жол қандай?
Діндер мен сенімдер сан алуан. Оларды зерттеп қараған адам олардың арасындағы айырмашылықтардың түбегейлі екенін байқайды. Сондықтан олардың барлығы бірдей ақиқат болуы мүмкін емес.
Ендеше, олардың арасындағы ақиқат дін қайсы?
Аллаһ сүйетін және біз иман етіп, қабылдауға тиіс ақида қандай?
Олардың қайсысы бізге дүниеде де, ақыретте де бақытқа жетуге кепіл болады?
Бұл сұрақтарға жауап бермес бұрын, дұрыс дінді таңдауға негіз болатын дұрыс өлшемді анықтап алу керек. Менің нық сенімімше, барлық ақыл иелері адамның белгілі бір дінде туылуы, ата-анасы мен қоғамының сол дінді ұстануы оның ақиқат дін екенін білдірмейтінімен келіседі. Ақиқат дін екеніне көз жеткізу үшін оны растайтын нанымды дәлелдер болуы және ақыл соған қанағаттанып, нық сенімге келуі керек.
Адамды хайуаннан ажырататын басты ерекшелік — ақыл. Сондықтан адам өз ақылын ең маңызды әрі ең жауапты мәселені байыппен саралауға пайдалануы тиіс.
Діндер әлеміне көз жүгіртіп, олардың әрқайсысының сенімдерімен танысып, салыстырып қарау іздеген жауабымызға жетудің жақсы жолы болуы мүмкін.
Уақытыңыз бен күшіңізді үнемдеу үшін мен сізге нық сеніммен әрі батылдықпен айтамын: қанша ізденіп, жан-жақты зерттесеңіз де, бір ғана ақиқатқа келіп тоқтайсыз. Ол — ақиқат діннің Ислам екені, ал шынайы бақыттың Исламда екені.
Бұл сөздерді асығыс теріске шығарып, оқуды тоқтатпас бұрын, мынаны ескеріңіз: оны соңына дейін оқып шығу сізге еш зиян келтірмейді, бәлкім, одан өзіңізге пайдалысын табарсыз. Оның үстіне, сіз — әр нәрсені саралап, дұрысты бұрыстан ажырата алатын ақыл иесісіз.
✍🏼 #السعادة