2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 2 МЛН-ДАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ… — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ — TG.ME

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 2 МЛН-ДАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

Телемедицина ауылдық жерлердегі бейінді мамандар тапшылығын өтеудің тәсілдерінің біріне айналуда.

Жыл басынан бері 1 млн-нан астам телеконсультация өткізілді, 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді, олардың 39%-ы – ауыл тұрғындары. 709 медициналық ұйымның мамандары қашықтан медициналық көмек көрсетуде.
Енді шалғайдағы ауыл тұрғыны бейінді маманның консультациясын алу үшін ғана облыс орталығына баруға мәжбүр емес.


📍 Пациенттің маршруты мына қағидат бойынша ұйымдастырылған:
ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт немесе амбулатория → үйлестіру орталығы → маманның телеконсультациясы → шешім қабылдау → қашықтан бақылау.

⚡️ Бүгінде ауылдық денсаулық сақтау саласында 1 122 медицина қызметкері тапшы. Дегенмен телемедициналық технологиялар мамандардың жетіспеушілігін ішінара толықтыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан электрокардиография, жедел талдаулар, сондай-ақ цифрлық медициналық құрылғылардың көмегімен жүргізілетін зерттеулер қолжетімді. Алдағы уақытта қызмет түрлері УДЗ, флюорография, рентген және генетик консультациясы есебінен кеңейтіледі.

Цифрлық контурға қылмыстық-атқару жүйесінің 72 мекемесі де қосылған. Қамту көрсеткіші шамамен 12 мың сотталған адамды құрайды.
Мектеп медицинасын цифрлық сүйемелдеумен 6 936 мектеп және 3,67 млн бала қамтылған.

🖥️ Цифрландырудың тағы бір нәтижесі – санитариялық авиацияның жұмысы. Ұшып шығуға өтінімді рәсімдеу уақыты 180 минуттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Осылайша, денсаулық сақтауды цифрландыру медициналық көмекті жүйенің орталығынан біртіндеп тікелей адамға – ауылға, мектепке, тіпті дәрігерге физикалық қолжетімділік шектеулі жерлерге жақындата түсуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
September 3, 2026 331 1