🏥 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қажетті мамандар болған жағдайда емханаларда дербес педиатриялық учаскелердің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтауды жоспарлап отыр. Бұл балаларға тіркелген жері бойынша медициналық алғашқы көмекті тікелей педиатр дәрігерден алуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Министрлік педиатр дәрігерлерді даярлау көлемін ұлғайтып жатыр. 2026 жылы 123 маман даярланды, ал 2027 жылы тағы 91 дәрігерді даярлау жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде «Педиатрия» мамандығы бойынша 113 грант қарастырылған.
Мамандар санының артуы балалар емханаларының кадрлық әлеуетін біртіндеп нығайтуға және педиатриялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Педиатриялық учаскелерді дамыту – балаларға көрсетілетін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. 2025 жылғы маусымнан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда педиатриялық бөлімшелер де құрылуда. Соңғы бір жылда осындай 366 бөлімше ашылды.
Олардың негізгі міндеті – баланы туғаннан бастап кешенді бақылауды қамтамасыз ету, даму бұзылыстарын ерте анықтаудың тиімділігін арттыру, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және бейінді мамандардың өзара іс-қимылын жақсарту.
Осылайша, қажетті кадрлар болған жағдайда балалар өз емханасында медициналық көмекті тікелей педиатрдан ала алады. Ал медициналық ұйымдар тіркелген халықтың қажеттіліктеріне қарай жұмыс істеудің оңтайлы моделін таңдай алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz

