Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда… — САЛАУАТ АЙТ — TG.ME

Уа, иман келтіргендер!

Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу (құтба тыңдап, намаз оқу арқылы) Алланы зікір етуге асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ.

Намаз өтелген соң, жер бетіне тараңдар және (адал кәсіп қылып) Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер.

Бұған қоса, (күнделікті бес уақыт намаз һәм басқа да құлшылықтар арқылы) Алланы көп еске алыңдар, сонда (екі дүниеде де азаптан әрі қор болудан) құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер.

Жұма сүресі, 9-10
❤69😍2
September 4, 2026 552