Үлкен риск - біз байқамаған, ойластырмаған, жоспарламаған оқиғалар.
Мәшиненің дөңгелегі жарылған, телефонның экраны сынған, үлкен ақшадан айырылған, жұмысты жоғалтқан, аяғыңызды қайырып алған, әйтеуір өмірдің қолайсыздың көрген кездерді еске түсіріңдерші.
Қай жағдайды жоспарладық? Ешқайсысын. Себебі, риск - біздің болжай алмаған дүниеміз. Өмірде қиындықтың бәрін болжау мүмкін емес. Бірақ, болжай алмасақ та, дайындалуға болады.
Алматыны еске алайық. Ол жерде жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ, қашан, қай жерінде, қаншалықты күшті болатынын ешкім білмейді. Жалпы жер сілкінісін болжау мүмкін емес. Ол енді ешқашан болмауы да мүмкін. Бірақ, Алматының әкімшілігі оған дайын. Күнде дайындалып жүр. Ол дайындыққа ақша жұмсайды.
Бірден телефонға смс жібереді, жиналатын орындар, өрт сөндірушілер, статистикалық орталық - бәрін дайындайды. Олар енді ешқашан қолданылмауы да мүмкін. Бірақ, жер сілкінсе - “бұған неге ақша жұмсадық?” деген ой ешкімге келмейді.
Өмірдің рисктеріне де осылай қарауға болады. Проблеманың қашан болатынын болжай алмаймыз. Бірақ, дайындала аламыз. Әр табыстан ликвидный ақша жинап жүрсек - оның өзі дайындық. Ипотека аларда “осыны төлей аламын ғой” деген айлық төлемнен екі есе азын ғана алсақ - ол да дайындық.
36
17
8
2
1September 4, 2026 2.4K 4