2018 жылы Шілдеде жұмысқа тұрдым. Алғашқы айлығым 130 мың тг.
Бірақ, ақша жинадым сол уақытта да. Біраз істеп, 7-8 ай ақша жинадым, сол уақытта мамам Түркияға барғысы келді. Сататын киім қарауға. Сонда да, бір аптадай “барамын, бармаймын” деп ұзақ жүрді. Нақты шеше алмай. Себебі, шетелге шығып көрмеген.
Жиған ақшамды қарасам, жартысына ең арзан лоукостерге билет келеді екен. Барып-қайтуға 130 мың тг. Сегіз ай жиған ақшамның жартысы.
Мамамның шешімі оңай болсын деген ниетпен “билетіңді өзім алып беремін” дедім. Өзімнің бұл шешімімді мақтан тұттым. Мамам да бақытты болғанын білемін.
Ол уақытта мен 23-те едім. Қазір 30-дамын. Сол кезден кейін Мамамды Түркияға, Вьетнамға, Дубайға, Малайзияға, Балиге апардым.
Түркияға 3 рет барды. Ертең бұйырса бүкіл отбасы болып, 4-ші рет бармақпыз.
Ақ жол тілеңіздер❤️
170
71
14
13
3
3
1
1August 29, 2026 4.1K 2