ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ AIT ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
«Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясы аясында Ұлттық тестілеу орталығының AIT және жасанды интеллект басқармасының басшысы Мирас Баймырза жоғары оқу орындарына түсуге арналған жаңа форматтағы тест – Admissions Insight Test (AIT) жобасын таныстырды.
Өз сөзінде спикер AIT тестін әзірлеу Ұлттық тестілеу орталығының АҚШ-тың Educational Testing Service (ETS) халықаралық ұйымымен бірлесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Тестілеудің жаңа форматы пәндік біліммен қатар одан әрі білім алуға және кәсіби дамуға қажетті негізгі дағдыларды: сыни ойлауды, академиялық жазу және зерттеу дағдыларын, коммуникативтік дағдыларды, сандық, цифрлық және жасанды интеллект сауаттылығын, сондай-ақ креативті және дизайндық ойлауды бағалауды көздейді. Мұндай тәсіл ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық ұйымдардың зерттеулері мен баяндамаларында көрініс тапқан дағдыларды бағалау және адами капиталды дамыту саласындағы заманауи халықаралық үрдістерге сәйкес келеді.
Презентация барысында қабылдау үдерісінің әділдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тестілеудің жаңа форматы тұрғылықты өңіріне және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, талапкерлер үшін тең жағдай жасауға бағытталған.
AIT тестілеуін кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Тесттің түпкілікті дизайны мен тапсырмалардың конструкттары ҰТОмамандарының ETS-тегі ғылыми тағылымдамасының нәтижелерін ескере отырып, қосымша нақтыланатын болады.
17
2August 28, 2026 14.7K 2

