Үйленгісі келетіндерге ғажап бір дұға
Ұстазым бір әңгімесінде маған айтып берген еді:
«Мен үйленбей тұрған кезімде мына дұғаны көп айтатынмын», – деді де былай үйретті:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجَةً صَالِحَةً تُحِبُّهَا وَأُحِبُّهَا، تَرْضَى عَنْهَا وَأَرْضَى عَنْهَا
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын бір салихалы әйел нәсіп ете гөр».
Сосын ол кісі айтты:
«Қазір әйелім мен үшін бүкіл әлемнің әйелдерінен артық. Тіпті оның жәннәттық екенін де жүрегіммен сеземін».
Мен сонда ұстазыма:
— «Ондай болса, бұл дұғаны үйленгісі келіп жүргендер бәрі айтуы керек қой», – дегенімде,
— «Әрине! Бұл дұғаның мағынасы өте ғажап», – деп жауап берді.
Мен тағы сұрадым:
— «Ал әйелдер өздері үшін дұға қылып айтса бола ма?»
— «Әрине!» – деді де ұстазым: «Тіпті әйел адам бұл дұғаны айтқанда «وَيَرْضَى عَنِّي» деп қосса, ол күйеуінің өзіне разы болуын сұрағаны болады. Бұл қосу әйелдер үшін өте маңызды», – деді.
Сонда әйелдерге арналған дұға нұсқасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجًا صَالِحًا تُحِبُّهُ وَأُحِبُّهُ، تَرْضَى عَنْهُ وَأَرْضَى عَنْهُ، وَيَرْضَى عَنِّي
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын, сондай-ақ маған разы болатын бір салихалы ер нәсіп ете гөр».
Үйленуді қалаған әрбір мұсылман бауырымыз осы дұғаны үйреніп, шын жүректен қайталай берсін. Аллаһ тағала бәрімізге разы болатын отбасылар нәсіп етсін! 🤲
3June 22, 2026 241 1