7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 🇰🇿 Бүгінгі мереке –… — orta — TG.ME

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 🇰🇿

Бүгінгі мереке – ел тыныштығы мен жер бүтіндігін қорғаған және қорғап жүрген батыр жандардың күні. Ер жүрек ер азаматтарымыз бен Отан үшін қызмет етіп жүрген қайсар қыздарымызға зор денсаулық, күш-қуат, абырой мен сәттілік тілейміз.

Біз үшін бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Туған жерді қорғап, ұрпақ болашағы үшін жанын қиған батырларымыздың рухы әрдайым жүрегімізде. Сол кісілердің ерлігі мен батылдығы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбіреп, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отан қорғаушыларымыздың мәртебесі асқақтай берсін! 💙🇰🇿

Шын жүректен @info_tour
❤3❤‍🔥2
May 7, 2026 739