«КІМ АМАНДЫҚ ҚАЛАСА…» Әбу Ысхақ әш-Ширази былай дейді: «Бағдат қаласында болғанымда, түсімде Пайғамбарды көрдім. Онымен бірге Әбу Бәкір мен Омар бар еді. Мен Пайғамбарға : «Уа, Алла Елшісі, маған өзге жеткізушілер арқылы көп хадистерің жеткен болатын. Алайда мен сенен бір хадис естігім келеді. Сол арқылы дүниеде шарапатқа ие болып, ақыретте сауап ретінде көрейін», - деп айттым. Алла Елшісі «Уа, шейх (Пайғамбардың маған «Шейх» деп айтқаны мені қатты қуандырды), менен мына хадисты жеткіз: «Кім амандық қаласа, оны өзгелердің амандығынан іздесін», - деді». «Олар Пайғамбарымызды ﷺ осылай көрген» кітабынан
September 21, 2024 283 1