Құрметті «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ білім алушылары мен… — Officialkmu — TG.ME

🏥Құрметті «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ
білім алушылары мен талапкерлері!

«ҚМУ» КеАҚ жатақханаларынан орын беруге өтініштерді қабылдау басым санаттарға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

28.07.2023 – 20.08.2023 – жеңілдікті санаттар:
🔹1 санат – мүгедектігі бар тұлғалар, бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедектігі бар балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар тұлғалар;
🔹2 санат – кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы тұлғалаар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар, сондай-ақ қандастар;
🔹3 санат – «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында білім алушылар («Серпін – 2050»);
🔹6 санат – оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге ие жоғары курс оқушылары қатарынан білім алушылар.
25.08.2023 – 31.08.2023 2023-2024 оқу жылының 1 курсына қабылданған білім алушылар үшін білім деңгейі – жоғары және ТжКБ:
🔹4 санат – бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушылар, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом) ұйымды үздік бітірген талапкерлер;
🔹5 санат – мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған білім алушылар.
🔹7 санат – бірінші курсқа ақылы негізде қабылданған білім алушылар.
01.09.2023 – 04.09.2023 – «ҚМУ» КеАҚ білім алушыларының өзге де санаттары.

11.09.2023ж. бастап - жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар және Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск, Шахан, Топар және т.б. спутниктік қалаларда тұратын білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім алушылар – бос орындар болған кезде.

🔷Өтініштерді қабылдау көрсетілген мерзімдерде «Platonus» ААЖ-да онлайн режимде жүзеге асырылады (өтініштерді беру уақыты шектелмейді).

Комиссия өтініштерді жұмыс күні ішінде қарайды (дүйсенбі – жұма, 09.00 – 18.00).

Жеңілдікті санаттағы және 2023-2024 оқу жылының 1 курсына қабылданған білім алушылар үшін «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларына орналасу, білім деңгейі – жоғары және ТжКБ 31.08.2023 дейін.

Егер білім алушы қоныстануға жолдамада көрсетілген қоныстанған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қоныстанбаса, өтінім жойылады және бөлінген орын қайтадан бөлінуге жатады.
July 28, 2023 4.3K 15