Мен әлемді көрмеймін сен сияқты, Сен әлемді көрмейсің мен сияқты… — QORGASYN — TG.ME

Мен әлемді көрмеймін сен сияқты, Сен әлемді көрмейсің мен сияқты. Бірімізді біріміз түсінбеудің Себебі сол сияқты. ⠀ Бай емеспін сезімге сен сияқты, Бай емессің төзімге мен сияқты. Бірімізді біріміз түсінбеудің Себебі сол сияқты. ⠀ Сенің көзің суалмас көл сияқты, Менің сөзім қуарған шөл сияқты. Бірімізді біріміз түсінбеудің Себебі сол сияқты. ⠀ Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты, Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты. Біз екеуміз айтқызбай түсінетін Жалғыз-ақ сол сияқты. ⠀ — Данияр Жігітбек

❤26👍3💔2
May 15, 2024 6.4K 49