Компания TeploCom бес жылдан астам уақыт бойы полиуретанды көбікті оқшаулағышы бар (ППУ оқшаулағыш) құбырлар мен фасонды бұйымдар шығарумен айналысып келеді.
🔘Өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін компания өндірісті кең ауқымды жаңғыртып, заманауи жабдықтар сатып алды. Соның ішінде негізгі жабдықтардың бірі – ПК-450 құю машинасы. Бұл жоғары дәлдіктегі қондырғы өндірістің ең күрделі кезеңдерінің бірі – құбырлар арасындағы кеңістікті пенополиуретанмен толтыру процесін автоматтандырады.
Жаңа жабдықтың жалпы құны 87,6 млн теңгені құрады. QazIndustry мемлекеттік қолдау шаралары аясында компания шығындарының 40%-ын, яғни 35 млн теңгесін өтеп берді.
📊Жаңғырту нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты айтарлықтай артты. Құбыр өндірісі 2 есеге, ал фасондық бұйымдар өндірісі 1,5 есеге өсті.
https://teplocom.kz/
22
3March 16, 2026 1K




