CNNC Басқарма төрағасының орынбасары Чжан Кайдың басшылығымен атом… — КАЭС | KNPP — TG.ME

🔹🔹🔹CNNC Басқарма төрағасының орынбасары Чжан Кайдың басшылығымен атом объектілерінің басшылары қазақстандық делегацияны «Тяньвань»АЭС пен «Сюйвэй» АЭС жобаларының іске асырылу барысымен, қолданылатын техникалық және инженерлік шешімдермен, сондай-ақ атом энергетикасы объектілерін салу, пайдалану және сүйемелдеу тәсілдерімен таныстырды.

«Тяньвань» АЭС алаңында қазақстандық тарап Қытайдың ірі атом энергетикалық объектілерінің бірін пайдалану тәжірибесімен танысты, онда бір атом инфрақұрылымы шеңберінде Ресейдің ССЭР реакторлық қондырғылары мен Қытайдыңтехнологиялары қолданылады. Бұл тәжірибе әртүрлі технологиялық конфигурациялары бар объектілерде пайдалануды ұйымдастыру, техникалық сүйемелдеу және шешімдерді үйлестіру тұрғысынан қызығушылық тудырады.

Үшінші буын Hualong One реакторлары мен төртінші буын жоғары температуралы газ салқындатқыш реакторын біріктіретін әлемдегі алғашқы гибридті жоба - салынып жатқан «Сюйвэй» АЭС-не ерекше назар аударылды. Жоба атом энергетикасы мен мұнай-химия өнеркәсібін интеграциялау бойынша әлемдегі алғашқы ауқымды жоба ретінде іске асырылуда.
Станцияпайдалануға берілгеннен кейін электр энергиясын өндіруді ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік жылумен қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру кезінде заманауи цифрлық технологиялар мен құрылысты басқарудың зияткерлік жүйелері кеңінен қолданылады.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздік, инженерлік сүйемелдеу, пайдалану персоналын даярлау, құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру, өндірістік процестерді басқаруда цифрлық шешімдер, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды басқару мәселелеріде қарастырылды.

«ҚАЭС» ЖШС үшін зерттелген тәжірибе Қазақстанда АЭС салу жобасын дайындау жәнесүйемелдеу барысында, оның ішінде жобалау және инженерлік процестерді ұйымдастыру, техникалық шешімдерді үйлестіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша практикалық маңызға ие.

Сапар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын дамытудағы тағы бір қадам болды және екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби диалогты нығайтуға ықпал етті.
 
July 8, 2026 121